Колледж тарихы
Жастарды тәрбиелеуде өз үлесін қосу мақсатында 2010 жылы Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің іргетасын қаланып, аймағымыздың өндірістік-техникалық және әлеуметтік-экономикалық салаларында кәсіби мамандар даярлау үшін құрылған оқу орны деп сеніммен айта аламыз. Білім беру жүйесінде 12 жылдық тәжірибесі бар колледж студенттердің тек қана кәсіби маман ғана емес жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып келе жатқан білім беру мекемесі. 2010 жылы құрылған колледжде білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 03.04.2015 жылғы №KZ50LAA00004539 нөмірлі шектеусіз мерзімге берілген мемлекеттік лицензиясы негізінде жүргізілуде. 2010 жылы колледжде 15 мамандыққа Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің лицензиясына қосымшалар беріліп, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізді. Білім беру ошағының іргетасы қаланған күннен бері Танжариков Мұрат Тұрсынбекұлы басқарып келе жатыр. Колледж қабырғасында 9 сынып және 11 сыныптан кейін 9 мамандық бойынша кәсіби мамандар даярлау жолға қойылған. Атап айтар болсақ: -«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» -«Дене тәрбиесі және спорт» -«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» - «Электрмен қамтамасыз ету» - «Жол қозғалысын ұйымдастыру» -«ЕТ және бағдарламалық қамтамасыз ету» -«Бағдарламалық қамтамасыз ету» -«Экология және табиғатты қорғау қызметі» -«Ветеринария» мамандықтары.